Теміртау қалалық мешітінде 400-ден аса қарияларға дастархан жайылды. ҚМДБ-ның бастамасымен бастау алған "Қарты бар үй - қазына" қайырымдылық іс-шарасы аясында Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы ақсақалдар мен ақ жаулықты апалардың басын қосып ас берді. Бас имам қазыналы қарттарымызбен асыл дініміз жөнінде әдемі әңгіме өрбітіп, салиқалы отырыс болды.
Айтып келмеген әр қилы апатта ажал құшқандардың рухына бағыштап, құран хатым түсірілді. Көпті көрген көненің көзі - қарттар үшін елеп-ескерудің орны бөлек. Көңілге қонымды дүниелерді естіп, жандары жадырап қалған қариялар мешіт ұжымына дән-риза болып, еліміз-жеріміз аман, бейбітшілік болсын деп баталарын берді. Қариялар бір-бірімен әңгіме дүкен құрып, мәз-мейрам болып тарқасты.
Пікірлер