Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жастарға жат ағымдар туралы ақпарат берілді
13 қазан, 2015 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожаның тапсырмасымен тікелей жүйелі дәстүрмен «Жат ағымдардың алдын алу» шарасы бойынша Бұқар жырау ауданы бойынша бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Ауданнан шалғай орналасқан мектеп оқушыларына ақпарат беру үшін аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Іргебаев Төлеген мен бас имам А.Р.Мукаев ауылдарға шықты. Самарқан, Березняки, Баймырза ауылдарына ат басын бұрған ақпарат насихат тобы мүшелері ауыл мектептерінде болып жоғарғы сынып оқушыларына дәріс оқыды. Бүгінгі қоғамда белең алып отырған өзекті тақырыптар талқыланып, жат ағымдардың арбауына ілікпеу жолдары айшықталды. Мектеп қабырғасында жүрген жастарға жат ағымның соңына еріп кетпеу үшін арнайы ұйымдастырылған ақпарат тобы кездесуді еркін өткізіп сұрақ жауап түрінде жалғастырды. Кездесу түсінікті болу үшін екі тілде өрбіді. Оқушылар да ойларын ашық ортаға салып көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алғандарын жеткізді.


[gallery link="file" ids="19745,19746,19747,19748,19749,19750,19751,19752"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары