Іс-сапарын Қарағанды қаласынан бастаған Республикалық ақпараттық – насихат тобы Қарқаралы өңіріне барып, насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты. РАНТ мүшелері – Нұр мүбарак университетінің phd докторы О.Сейдманов, Әзірет Сұлтан мешітінің ұстазы М.Қайырғалиев пен «Дін істері комитетінің» бас сарапшысы Б. Шериязданов аудандық әкімшілікте болып, басқарма және бөлімше басшыларымен кездесу өткізді. Сонымен бірге аудан имамдарының басын қосып, семинар өткізілді. Республикалық ақпараттық – насихат тобының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру. «Теріс пиғылды ағымға ағылып жатқандардың алдын алу үшін мешітте жұмыс жасап отырған имамдардың жан-жақты, білімді болуы шарт», - деді РАНТ мүшелері. Осыған орай 2025 жылға дейін жоғары білімді, сауатты 500 имам оқытып, дайындау бағдарламасы жоспарда екенін айтып кетті. Аудан имамдарына өзге ағымға бет бұрғандарды райынан қайтару үшін, олардың қате ой-пікірлеріне нақты әрі дәлелмен жауап беру керек деді. Ақпараттық- насихат тобы осы сынды үгіт-насихат жұмыстарын әлі де жалғастырмақ.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер