Өртке қарсы қызмет көрсету мекемесінде дін өкілдерімен кездесу өтті. Тілсіз жаудан қорғап, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтарға ҚМДБ-ның имамдар форумында бекітілген «Қазақстан мұсылмандар тұғырнамасы» таныстырылды. Жиында сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша «Жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі Уақасов Мадияр «Бүгінгі таңда әр түрлі ағымдардың көбеюінен, ислам дініне деген теріс көзқарас қалыптасқан. Ал, мұсылман тұғырнамасы дәл осы ойдан айырылуға мүмкіндік береді және теріс пиғылды діни ұйымдардың арбауынан сақтайды», - деді. Діни басқарманың рұқсатымен шыққан бұл дүниеде негізгі діни ұстанымдар нақты жазылған. Кездесудегі мақсат тұғырнаманы насихаттап, әркім ата заңын білгендей жадына тоқып жүру керектігін насихаттау. Иман, сенімге қатысты салиқалы әңгіме айтылып, тыңдаушылар сөз арасында сұрақтарын қойып, қызығушылық танытып отырды. Осы сынды насихат жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер