Ақтоғай ауданында қарттар күніне орай қайырымдылық іс-шаралар өтті. Бас имам Ардақ Адильханұлының ұйымдастыруымен 80 жасты алқымдаған ауыл ақсақалдары Ибраев Ғалым мен Жақсыбаев Тұрсымбек аталар мен 90 жастағы Тұрымтай әженің үйіне барып қарияларды мерекемен құттықтады. Қарттарым қазынам деген қазақи қағидамен қарияларды зиярат етуге барған бас имам мен Жидебай ауылы имамы Сүйіндік Асхат қариялардың қал-жағдайын сұрап, базарлықтарын ала барды. Үлкендерге ізет көрсету ислам дінінің басты ұстанымдарының бірі екені белгілі. Қос имам қариялардың ақ батасына бөленіп, ризашылықтарын алып қайтты. Қартайғанда бір бала дегендей қарттарымыз бір марқайып қалғандарын айтты.
Пікірлер