Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қарты бар үй - қазына» қайырымдылық шарасы Доскей ауылынан басталды
08 қазан, 2015 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қайырымдылық шараларын жетілдіру бағытында берген тапсырмасында аудан, ауылдағы қарияларға зиярат жасап, оларға рухани әрі материалдық көмек көрсету жайында бағыт берілген болатын. «Қарты бар үй – қазына» деген тақырыппен Қарағанды қалалық №1-мешіті мен осы мешіттің жанынан құрылған «Жалпы және Жастар» бөлімі бірлесіп, қала іргесіндегі Доскей ауылындағы қарияларға зиярат жасалды. Ауыл тұрғындарының арасынан бес отбасының тізімі алынып, қарттардың көңілін сұрап, қажетті азық-түлік тарту етілді. Олардың арасында соғыс және тыл ардагерлері де бар. «Қалайсыз деген әлге қуат» дегендей, сырқаттанып төсек тартып жатқан қариялармен сұхбат жүргізілді. «Жалпы және Жастар» бөлімінің жетекшісі Мирас Эрланұлы дінбасымыздың осы бағытта жүргізіп отырған бағытының мәнін түсіндіріп, үлкенге ізет көрсетуге жастардың бейімділігін арттыру масқатында жасап жатқан іс-шаралардан хабардар етті. Дерттеріне шипа тілеп шаңырақтарында дұға оқыды. Сауапты іс-шара сәтімен атқарылған соң, өткенге тағзым ретінде ауылдың шыға берісіндегі бейітте жатқан мархұмдарға дұға бағышталды.


Ұлттың ұлт болып, мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуына жастардың тарапынан жасалатын осындай игі істердің де маңызы бар екенін көп жағдайда ескеруге тура келеді. Қарттарымызға көрсетіліп отырған мемлекет қамқорлығымен қосымша дін қызметкерлерінің қайырымдылық пен адамгершілік қағидаларды ұштастырып отыруы мемлекет пен діннің арасын біріктіруші фактор екендігін білдіреді. Осы бағытта жүргізілетін бір айлық іс-шара барысында ендігі кезекте өзге де ауылдық жердегі қырық бес отбасына қайырымдылық жасау жоспарланды.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19621,19622,19623,19624,19625,19626,19627,19628,19629,19630,19631,19632,19633,19634,19635"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары