Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ҚМДБ-ның «Жастар ісі бөлімі» меңгерушісі Уақасов Мадияр орыс тілді аудиториямен кездесу өткізді. Студенттерді имамдар форумында бекітілген «Қазақстан мұсылмандар тұғырнамасымен» таныстырып, ислам діні жайында тереңірек түсіндіріп өтті. «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» тақырыбы аясында жастарға ата-ананы, қарттарымызды сыйлаудың исламдағы алатын орнын насихаттады. Студенттер де өздерін қызықтыратын сауалдарына жауап алды. Сөз соңында жастарды бауырмалдыққа шақырып, білімге деген зейіндерің ашылсын деп тілек тіледі.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер