«Әлемдегі ең жақсы су – зәмзәм суы. Оның жағымды дәмі бар, әрі ауруларға ем» Хадис шариф
Қарағанды қалалық №1-мешітінен қажылық парызын өтеп келген жамағаттар Ержан мен Қазбек бауырларымыз сонау Мекке елінен жерлестеріне арнап зәмзәм суы мен һадия сыйлықтарын алып келді. Күндердің төресі болған қасиетті жұма күні намазға ниет етердің алдында жамағат тік тұрып, Аллаға тәкбір айтып, шынайы тілек тілеп зәмзәм суын ішті. Ибн Аббас (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Зәмзәмді не мақсатта ішсең, сол үшін болады. Оны емделу үшін ішсең, сені Аллаһ емдейді; егер сен оны қарныңды тойдыру үшін ішсең, Аллаһ сені тойдырады; егер шөліңді қандыру үшін ішсең, Аллаһ шөліңді басады; егер оны жәрдем тілеп ішсең, Аллаһ сені қорғайды». Қазақ халқының дәстүріне сай «базарлық» ретінде алып келген қажылардың сый-сияпатына жамағаттар дән риза болып, жасаған құлшылықтары «қабыл болған қажылық болсын» деген ниетпен бата жасады.
Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="19566,19567,19568,19569"]
Пікірлер