Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау қалалық мешітінде жамағатқа «хижра» сөзі түсіндірілді
05 қазан, 2015 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қалалық мешітінде жұма намазымен құптан намазынан алдын жамағатқа ел арасында түсінбеушілік тудырып жүрген діни ұғымдардың мән-мағынасы насихатталды. Жамағатқа ислам дініндегі «көшу» деген мағына білдіретін «хижра» сөзінің түп-төрікінін ашып айтты. Көп бауырлар осы сөздің мағынасын теріс түсініп, шет елдерге кетіп, жат ағымдардың арбауына түсуде деген қала мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы мен наиб имамы Митератбек Орынбекұлы жамағатқа сөздің мағынасын ашып, теріс жолдан сақ болуға шақырды. «Хижра» сөзі – «діни ілімін қорғау мақсатында жер аудару» деген мағынаны береді. Алғашқы хижраны Мұхаммед пайғамбар өзінің серіктестерімен бірге мұсылмандардың өмірін сақтап қалу үшін Меккеден Мединаға жасаған. Алайда кейбір дін ұстанушылар бұл сөзді өзгеше қабылдап жүр. Олар үшін хижра – бұрынғы қоршаған ортасынан, дәстүрлі исламды ұстанушылармен барлық қатынастарды үзіп, жиһад жолына бас ұру» , -деп түсіндірді дін өкілдері. Мешіт имамдары халыққа бауырмалдық пен мейірімділікке үндейтін ислам дінін насихаттап, елді береке-бірлікке шақырды.


Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19562,19563,19564"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары