Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды студенттеріне жат ағымдар жайлы айтылды
04 қазан, 2015 жыл 84 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде дәстүрлі емес діни бірлестіктермен күрес мақсатында студенттермен кездесу өтті. Бүгінгі күннің басты мәселесіне айналған ағымдар алдымен жастарды жаңылдыруда. Жас буынның жат ағымның ығына жығылмас үшін «Деструктивті діни ағымдардың жастарға зияны» атты тақырыпта Қарағанды облыстық мешіт жанындағы «Жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі Мадияр Уақасов аудиторияға шығып сөз сөйледі. «Теріс пиғылды ағымдарының бірінші көздегені қоғамның рухын әлсіретіп, дәстүрлі дінді жоюға тырысу. Байқап қарасаңыздар, қайсібір дәстүрлі емес дін ағымдарының түп-тамырына үңілсеңіздер, барлығы ұлттық рух, дәстүрлі дінге қарсы», - деді дін қызметкері.


Сөзіне тұздық болу үшін Мадияр Уақасов қазақ елінде VIII ғасырда пайда болған Ислам діні туралы кеңінен көсіліп айтты. Жастардың түсінбей шатасып жататын «Иман», «Ихсан», «Жиһад» сияқты діни ұғымдардың мағынасын ашып, дәлел-дәйектерді келтіре отыра түсіндірді. Өзге ағым өкілдері жастардың діни сауаттылығының аз екенін өз пайдаларына асырып, теріс пиғылдарын жүзеге асырады.


Тәжірибе көрсеткендей, осы сынды ашық кездесулер жастарға рух беріп, ата дініне деген құрметін арттыра түседі. Сонымен бірге олар қиындық тудыратын сұрақтарына әрдайым жауап алғылары келетінін айтты.


Осы өткен кездесу де студенттер тарапынан оң көзқарас танытып, қызығушылық тудырды, - деді ҚарМТУ-нің  рухани-адамгершілік тәрбие беру төрағасының орынбасары Жарқын Түсіпбеков.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19527,19528,19529,19530"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары