Бүгін дін өкілдері Қарағанды коммерциялық колледж студенттерімен кездесті. ҚМДБ-ның жанындағы «жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі Уақасов Мадияр да шараға қатысып, «Мұсылман тұғырнамасы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты тақырыпта жастарға тұшымды ойларын айтты. Мадияр Мейіржанұлы «Жастар–үлкен күш. Жастарды сендіру де оңай. Сондықтан да жаман ойын жүзеге асырғысы келгендер, алдымен жастарды арбап, жалған ақпараттармен санасын улайды. Ең алдымен, жастарды тәрбиелеу,оларға бағыт-бағдар беру басты мәселе», - деді. Кездесудегі мақсат –дінаралық қатынасты нығайтып, толеранттылықты қалыптастыру. «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы», - деді кездесуге жиналған дін өкілдері. Жиналған жастарға мәдениеттілік алдымен үлкенді сыйлап, кішіге кішіпейілділік танытудан басталатынын түсіндірді. Өзара сыйластық пен мәдениеттілік болғанда ғана қоғам ілгері дамиды деген дін өкілдері сөздерін осылайша қорытындылады.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер