Ақтоғай ауданында Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өтті.Мешітке мерекелік сезіммен келген жамағатқа уағыздармен қоса құттықтаулар да айтылды. Құрбан айт мерекесіне аудан әкімі И.Н.Омарханов қатысып, жамағатты мерейлі мерекемен құттықтады. Аудан имамы Тукетаев Ардақ Адильханұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шаралар өтті.Құрбан айтының басты қағидасы құрбан шалу болғандықтан аудан әкімі мен бас имам елге үлгі болып әуелі өз от басыларынан арнап құрбан шалды.ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасын бетке ұстап қайырымдылық іс-шараларды жиі өткізуді көздеген мешіт ұжымы Құрбан айтқа арнайы шалынған 15 шақты қой етін түгелдей әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 20-отбасына бөліп,сонымен қатар арнайы даярланған пакеттерге үлестірілген азық түліктер таратылды.
Құрбан айттағы игі шаралар
Ақтоғай ауданы мешітіне бас имам қызметіне келген Ардақ Адильханұлының алдына қойған жоспарлары аз емес.Соның ішінде Құрбан айт қарсаңында аудан имамы ауылдарды аралап жергілікті халықпен кездесуді жөн көрген.Аудан әкімшілігі аппарат басшысы Б.Әмірқасым мен бас имам Ардақ Адильханұлы мерекемен бөлісуге Сартерек ауылына да ат басын бұрды. Бас имам Сартерек ауылындағы жалғыз басты Садуақасова Нүрила әженің үйінде болып, кейуананың ақ батасын алып, құрбан айтпен құттықтап көмек қолын созды. Мешітке жиналған мұқтаждарға да құрбан еті таратылды. Жетім көрсең жебей жүр деген қағиданы ұстанған бас имам, жетім балаларды қанатының астына алып отырған С.Нұрымхашовтың отбасында болды. Саят Нұрымхашов үш жетімді бағып отырған жанұя. Қазақ қашанда жетім мен жесірін жылатпаған халық. Осынау айтулы күннің мерекелік сезімін сездіруге барған аудан имамы балаларға сыйлығын ала барды. Атадан мал қалғанша тал қалсын деген бас имам ауылда 15-түп қарағай отырғызып сауапты істерді атқарып қайтты. Осы сынды сауапты ізгі амалдар әлі де жалғасын табатын болады.
Пікірлер