Құрбан айт мерекесіне орай Саран қалалық мешітінде 30 қой құрбандыққа шалынды. Жағдайы төмен 50 отбасы Құрбан мал етімен қамтамасыз етілді. Мешіт ішінде 70 адамға арнайы ас беріліп, қайырымды іс жасалды. Мешіт алдында киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар өткізілді. Қала әкімі және маслихат хатшысы құрбан шалып мерекелік шараға қатысып мұсылмандарды құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Мереке күні балаларды қуантып, тәтті-дәммен көңілін аулау әр отбасының әдеті. Ал, ата-ана қамқорынсыз қалған бейкүнә бүлдіршіндер көздері жәудіреи адамдардан үміт күтеді. Жетімнің басынан сипап, оларға қамқор болу дініміздегі ең қайырымды іс. Осыны ескерген Саран қалалық мешіті интернатта тәрбиеленіп жатқан балаларға базарлық жасады. Мешіт имамдары қасиеті мен қадірі жоғары Құрбан айт мерекесі жайлы балаларға насихаттап, түсіндірді.
Пікірлер