Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады», - деген. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырыңда айналаңа жақсылық жасап, жомарттық таныту нағыз мұсылмандық белгісі. Келіп жеткен Құрбан Айт мейрамы да жасалған ізгі амалдардың таразыға түсетін күні. Теміртау қаласы Орталық мешіт ұжымы Құрбан айт мерекесі қарсаңында қаланың балалар үйіне , қалалық тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына және жағдайы нашар отбасыларына қайырымдылық көмек көрсеттті. Жоққа қарайласу, жетімді жебеу сауапты істерден екенін Құран Кәрімде, пайғамбарымыздың хадистерінде айтып кеткен. Осындай өнегелі ұранды алға тартқан Теміртау орталық мешіті айт мейрамына жарымжан жандарға дастархан жайып, қонақ етті. Қуанып қалған балалар мен қарт кісілер мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
Пікірлер