Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жастар – жарқын болашақтың кепілі
28 қыркүйек, 2015 жыл 151 Басып шығару нұсқасы

Жастарға дұрыс тәлім-тәрбие беру ертеңге ел іргесінің беріктігінің айғағы. Бүгінгі таңда жас буынға көп көңіл бөлініп, саналы да, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етіліп жатыр. Әсіресе, ақпараттың ағылып жатқан заманында басқалардың арбауына түсіп, ақ жолдан адасып жүрген жастарды көп кездестіреміз. Осы орайда жастармен тығыз байланыс ұстап, еңбек етіп жүрген ҚМДБ-ның «Жастар ісі бөлімі» меңгерушісі Уақасов Мадияр Мейіржанұлы «Жастар –біздің болашағымыз» тақырыбында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде студенттерімен кездесу өткізді. Мақсат- жастардың ой-өрісімен бөлісіп, дұрыс бағыт-бағдар беру. Бөлім меңгерушісі Мадияр Мейіржанұлы кездесу барысында дін жайында кеңірек насихат айтып, студенттер көкейдегі мазалап жүрген сауалдарына жауап алды. Сөз соңында жастарды теріс пиғылды ақпараттардан сақ болып, жаһанданған заманда жан-жақты, білімді болуға шақырды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19410,19411,19412,19413"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары