Қасиетті Құрбан айт мейрамына орай Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінде Құранды мәнерлеп және жатқа оқудан байқау ұйымдастырылған болатын. Айтулы додаға қатысып, білімін сараптауға ниет білдіріп, ұсыныс жасаған шәкірттер Шет өңірінен, Ақадыр кентінен, С.Сейфуллин, Қарамұрын, Нұраталды, Талды және Үңір ауыл-аймақтарынан келген. Солардың ішінде 8-25 жас аралығындағы 28 жеткіншек алға шығып, сайыста бақ сынасты. «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Маханбетчин Берік қажының тікелей ұйымдастыруымен өткен сайысқа Шет аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Самат Ахмедия, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кәрібеков Аян Қапасұлы демеушілік жасап, қолдау көрсетті. Құранды жатқа және мәнерлеп оқитын жас өрендердің талантын тамашалауға Шет ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Смағұлов Елдос, Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей, жазушы Кәмел Жүністегі арнайы келген. Сонымен қатар, аудан ақсақалдары, мешіт жамағаттары мен жастары, ауыл молдалары да қызығушылық танытып, жас шәкірттерге рухани қолдау көрсетті.
Айтулы додада оқ бойы оза шыққан азаматтар:
Жүзінен оқудан:
І-орын: Исакаев Әкбар Бауыржанұлы
2-орын: Ербекеиев Мадияр
3-орын: Хасен Мақсат
Жатқа айтудан:
І-орын: Ануар Нұртайұлы
2-орын: Ахметов Рахман
3-орын: Қамиев Ұланғасыр
Жеңімпаздар Құран аяттары жазылған кәдесыйлар мен мақтау қағаздарымен марапатталып, «Мұсылман қорғаны» кітабы ресми түрде табысталды.
Бүгінгі ұымдастырылып отырған байқау тек мұнымен шектеліп қалмайды. Жастарға қанат бітіретін осы секілді сайыстар алдағы күнде де жалғасын табады. Осы байқауға келген жастарға өңір ақсақалы Байжанов Ермек ата балаларға ақ батасын беріп, мешіт ұжымына алғысын жаудырды.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер