Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бұқараның басын қосқан Құрбан айт!
28 қыркүйек, 2015 жыл 77 Басып шығару нұсқасы

Шет ауданында қасиетті Құрбан айт мерекесі ерекше аталып өтті. Таңсәріде «Жанқұтты би» мешітіне жиналған халықтан ине шаншар орын болмады.Ақсақалдар мен апалар, аға буындар мен білегі мықты жастар, барлығы да айт намазын оқуға келген. Мешіттің бас имамы Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлының Құрбан айт туралы айтылған әсерлі уағызын жиналған жамағат ұйып тыңдады. Шет ауданы әкімінің орынбасары Төлеуқұлов Б.Т жиналған халықты мерейлі мерекемен құттықтап, ұлық мерекені қастерлеп Айт намазына келіп отырған дүйім жұртқа алғыс білдірді. 8:30-да айт намазы оқылып, соңынан қалың бұқара құрбандық шалу рәсіміне кірісті. «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы батасын жасап, мешіт атынан 2 ірі қара мал және 11 қой құрбандыққа шалынды. Әлеуметтік жағдайы төмен 60-тан аса адамға құрбандық еті таратылды. Оның ішінде көп балалы аналар, жетім мен жесір, кемтар және мүгедек жандар бар. Мешіт асханасына кең дастархан жайылып, айттап келген жамағат берекелі астан дәм татты. Берік қажы Алпысбайұлы: «Құрметті жамағат, Алла Тағаламыз жасаған жақсылықтарыңызды, ақ ниеттеріңіз бен шынай пейілдеріңізді, шалған құрбандықтарыңызды қабыл етіп, мақсат-мұраттарыңызды асыл еткей», - деп құрбан шалған және айттап келген мұсылман бауырларды шын жүрекпен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19252,19253,19254,19255,19256,19257,19258,19259,19260,19261,19262"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары