Бүгін Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қайырымдылық іс-шара өтті. Мешіттің бас имамы Нұров Махмұт қажының қолдауымен 200-ге жуық адамға құрбандыққа шалынған шикі ет таратылды. Құрбан айттың қарсаңында өткізілген қайырымдылық шарасынан әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар, жетім-жесірлер, көп балалы жанұялар қолдау тапты. Қасиетті Құрбан айт күндері Махмұт қажы Нұрұлының басқаруымен тағы да бірнеше қайырымдылық шарасы өткізілетін болады.
«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер