Барша әлем болып шарапаты мол Құрбан айт мерекесін тойлауда. Ұлы қуанышқа орай облыстық орталық мешітте қыздар арасында викториналық ойындар жүргізілді. Ойынға қатысушылар мешітте дәріс алып жүрген қыз-келіншектер. Сұрақ-жауап викторинасы Құрбан айтта орындалатын әдептер мен қажылық парызы жайлы болды. Ұйымдастырушы ұстаздар мүдірмей жауап берген ынталы шәкірттеріне сыйлықтарын үлестіріп қуантты. Аталмыш шараны өткізуге ҚМДБ-ның жанындағы «Жастар ісі бөлімі» ұйытқы болып отыр. Жарыстан кейін «өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей ата-баба рухына құран бағыштады. Ұстаздары мерейлі мерекеге жеткізген Алла Тағалаға мадақ айтып, шәкірттеріне мерекелік демалыстарын көтеріңкі көңіл-күйде өткізуді тіледі.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер