Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Айт намазы кімдерге парыз?
23 қыркүйек, 2015 жыл 4348 Басып шығару нұсқасы

«Айт» сөзі араб тілінде «оралу», «мейрам», «қуанышты күн» дегенді білдіреді. Әбу Ханифа мәзһабында құрбан айт намазын оқу әрбір мұсылманға – уәжіп. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінің соңына дейін айт намазын тастамағандығы және Құран кәрімде: «Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал» («Кәусар»сүресі, 2-аят.) , - деп бұйырған. Ораза және құрбан айт намаздары алғаш рет Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Мәдине шаһарына қоныс аударған жылы оқылған. Сондықтан бұл мейрам айт намазын оқумен басталады. Айт намазы –жұма намазы парыз болған адамдардың барлығына уәжіп. Жақсылап ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін әдемі, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына бару – мұстахаб(жақсы амалдарға жатады). Айт намазының оқылу тәртібіне келетін болсақ:


* Айт намазы екі рәкәғаттан тұрады;


* Таң және жұма намаздарының парыздары секілді айт намазы да жария оқылады;


* Айт намазында азан да, қамат та айтылмайды; Ата (р.ғ.): «Ибн Аббас және Жәбир ибн Абдуллаһ: «Ораза айты күні және құрбандық күні азан айтылмайтын еді», - деген.


* Азан мен қаматтың орнына «Әссалаһ жәмиға деп шақырады»;


* Айт намазында қосымша тәкбирлер айтылады;


* Құрбан айт және Ораза айт намазы екеуі бірдей оқылады;


* Айт намазынан кейін мешітте нәпіл намазын оқу – мәкрүһ;


* Айт намазынан кейін құтпа оқу – сүннет.


Хадистерде жылдың ең қадірлі күні құрбан айттың алғашқы күні делінген. Пайғамбарымыз бұл жайында: «Алла үшін күндердің ішіндегі ең ұлығы – Құрбан айттың бірінші және екінші күні», - деген. Құрбан айттың бірінші күнінің артықшылығы мен ерекшелігі сол күні Алла Тағаланың разылығына бөленуге сеп болатын игі амалдардың істелгенінде.


Айт күні мұсылмандар көрші-қолаң,туыс-туғандарға қыдырыстап, «Айт құтты болсын!» айтысады. Қасиетті мерекеде мейлінше көтеріңкі көңіл- күйде жүруге тырысу керек. Ауырып жатқан жақындардан көңіл сұрау, жетімнің басынан сипап, мұқтаждарға қол ұшын беріп, Айттың қуанышын сездіру өте сауапты істерден. Барша мұсылман қауымына Құрбан айт мүбәрак болсын!


Облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметкері

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары