Құрбан айт қарсаңында «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажы Сұрыптау елдімекеніне арнайы барып қасиетті мерекенің құндылығын насихаттады. Бас имам елдімекендегі Мәдениет Сарайына арнайы келген жасөспірімдер мен мектеп оқушыларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Балақайларға ұлық мерекенің шығу тарихын айтып, қызығушылықтарын арттырды. Пайғамбарлар туралы уағыз айтыла бастағанда ден қойып тыңдаған мектеп балалары Құрбан айт мейрамында істелетін әдептер жайлы мол мәлімет алды. Айт күндері таза жүру керектігі, жылы сөйлеп, үлкен-кішіге ізет көрсетіп, сыйлық таратып жақсы амалдар жасау қажеттігі түсіндірілді. Мәдениет үйіне Махмут қажы Нурұлының келетінін естіген қариялар да осында келіп, бас имамның уғызынан сусындап қайтты.
«Бала қажы» мештінің баспасөз қызметі
Пікірлер