Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қажы апалар Құран хатым етті. Мешіт асханасында кең дастархан жайылып, бас имам Нуров Махмуд қажының кеңпейіл қонақжайлығымен апалар жамағаты ораза уақытында тоқтап қалған бұл игі амалды бүгін қайта жалғастырды. Апалар жамағатының аталмыш мешітте жиналуы бірінші рет емес, олар әрдайым Құран хатым ету үшін бас қосып, өзгеге үлгі болып келеді. Ақ жаулықты апалардың басты мақсаттары –Алла үйіне қолқанат ету, садақа беріп, қайырымдылық жасау. Хадис шәрифтерде келтірілгендей: «Құран кәрімді хатым еткен адамға алпыс мың періште истиғфар етеді.» (Дәйләми). Сондай-ақ «Құран кәрімді хатым еткен адамның дұғасы қабыл болады.»(Табарани, Ибн Хиббан) делінген. Жаратушымыз әжейлердің тілектерін қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын!
«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер