Қоғамда имандылыққа бет бұрған жастарды жиі кездестіреміз. Бұл қуантарлық жағдай. Әсіресе, мешіт табалдырығын аттап, әртүрлі сауалдарына толыққанды жауап алғысы келетін жастар көптеп кезедеседі. Сонымен қатар, мешіт кітапханасының тұрақты оқырмандарына заманға сай сауатты, рухани азық беру бүгінгі күннің талабы. Осы жайтты басты назарға алған №1 қалалық мешіттің бас имам Орманбет қажы Болатұлы №1-мешіт кітапханасын қажетті діни әдебиеттермен толықтырды. Атап айтқанда, «Пайғамбарлар тарихы», «Мәзхабтар тарихы», «Ислам ғылымхалы», «Исламдағы жанұя», «Мұсылманның ардақты анасы Хазіреті Айша», «Воспитание детей в исламе», «Жастарға арналған 30 хадис», «Пайғамбар жайлы 100 сұрақ», «Муғалим Сәни», «Абу Ханифа и Ханафитский мазхаб», «Уважение к родителям», «Сенім және ақиқат», «Негізгі діни мағлұматтар». Мешітке келген оқырмандар енді осы кітаптарға қол жеткізе алады.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер