Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Төзімділік пен татулық – тұрақтылық кепілі
21 қыркүйек, 2015 жыл 156 Басып шығару нұсқасы

Бүгін дін қайраткерлеріне үлкен сенім артылуда. Сол сенім үдесінен шығу мәселесі бәрімізді толғандыруы тиіс. Ол үшін барлық дін қызметкерлері, озық ойлы адамдар өз халқының рухани да, мәдени деңгейін барынша көтеруге ықпал еткені абзал. Сонда ғана өзегеге деген озбырлық тыйылып, сабыр мен өзара түсіністікке жол ашылады. Осы ретте Қарағанды қалалық мешітінің наиб имамы Хайролла Жақияұлы қаламыздағы әскери комиссарият қызметкерлерімен өткен кездесуде салауаттылыққа шақыратын насихат жұмысын жүргізді. Наиб имам адам баласын ізгілік пен қайырымдылыққа, ынтымақ пен бірлікке шақырып келе жатқан ислам дінінің рухани тазалық, адалдық, достық, ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынас тетіктер турасында тұщымды әңгіме өрбітті. Насихат барысында жат ағымдар жайында сөз болды. Дәстүрлі дін өкілдерінің бірге отырып, халықты ынтымақ пен бірлікке, рухани тазалыққа шақыруы көпұлтты еліміздегі дінаралық татулықтың нышаны екендігін де айғақтап берді.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19021,19022,19023"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары