Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жастардың рухани жетілуі – жарқын болашаққа жетелейді
19 қыркүйек, 2015 жыл 118 Басып шығару нұсқасы

Бүгінде дін насихатының аясы кеңейіп, оның жастар арасында ықпалы артып келе жатқаны белгілі. Ендігі жерде албырт жастарымыздың ақ жолдан адаспай жүруіне сауатты насихат жүргізу осы уақыт талабы. Осы тұрғыда жастар арасындағы діни түсінікті арттыратын кездесулерді дамыту аясында ҚМДБ-ның жанындағы «Жалпы және Жастар» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан Қарағанды өңірінде қонақта болды. Қарағанды облыстық мешітінің имамдарымен және аталмыш бөлімнің осы өңірдегі жетекшісімен сұхбат өткізді. Қаламыздағы политехникалық университеті мен ҚарМУ студенттерімен имандылық иірімдері турасында кездесу өткізді. Алтынбек Ұтысхан «Дін және жастар» тақырыбында өткен сұхбатта көптеген жастардың арасында түйткілді болып жүрген мәселелердің оң мен солын ажыратып, салауатты өмірде сауатты болудың артықшылықтарын жастар санасына жететіндей жеткізді. Сонымен қатар, кешкі ақшам намазында Қарағанды облыстық мешітіндегі жамағатпен де сұхбат болды. Сұхбат барысында Астана қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен І Республикалық имамдар форумындағы қорытынды бойынша қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттағы өзекті мәселелер насихат өзегі болды. Әсіресе, «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбындағы әдептіліктер кеңінен түсіндірілді. Жамағат ортасындағы жастар легі де түйткілді сұрақтарына толыққанды жауап алды.


Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="18993,18994,18995,18996,18997,18998,18999,19000,19001,19002,19003,19004,19005,19006,19007,19008,19009,19031,19032,19033,19034,19035,19036,19037,19038,19039,19040"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары