Қарағанды облыстық мешітінен берілген тапсырмаларды пысықтау мақсатында Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінде имамдардың бас қосқан жиыны өтті. «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Маханбетчин Берік қажы аймаққа қарасты ауыл молдаларымен дін қызметіне қатысты жайттарды саралап, негізгі іс-шараларға шолу жасады. Мешітте қызмет ететін әрбір қызметкердің отбасылық мәселелер мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі жайлы хабардар болып отыру тапсырылды. Сондай-ақ, хатта көрсетілген қосымша ақпарат барлық ауыл мешіттеріне таратылды. Сонымен қатар, жат ағымдардың ел арасына насихат жұмыстарын жүргізуге жол бермей, табандылықпен күресу тетіктері де қарастырылды. «Таблиғи жамағат» ұйымының теріс бағыттағы іс-әрекеттерінен сақтандыру үшін, оның мақсаты мен негізгі мүдделерін жамағат пен халыққа түсіндіру міндеттелді. Бас имам жиыннан соң жамағатқа бесін және ақшам намаздарында аталмыш теріс ағым жайлы толық ақпарат берді.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер