Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылы 26 ақпанда шешіміне байланысты « Таблиғи жамағат» тобы экстремистік болып жариялануына орай, Қарағанды облыстық мешітінің тарапынан өңірге қарасты мешіттердегі жамағаттарға түсіндірме жұмыстарын кеңейту тапсырмасы берілген болатын. Осыған байланысты облысқа қарасты барлық мешіттерде жат ағымның кері әсері жайлы бесін және ақшам намаздарында уағыздар айтылды.
Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер