Балқаш қаласы мешітінде күрделі құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Мешіттің төбесіне шатыр салынуда. Бүгінде құрылысқа қажетті материалдардың барлығы дерлік алынған. Жергілікті басшылық тарапынан да қолдау көрсетіліп, қажетті техникамен қамтамасыз етілуде. Мердігерлер жөндеу жұмыстарына жаңа құрылыс материалдарын пайдалануда. Мешіт төбесіне жауын шашынға төтеп беретін арнайы жабынды төселмек. Бас имам Түсіпбеков Асылхан қажының бастамасымен қолға алынған құрылыс жұмысы құрбан айт басталғанша аяқталады деп көзделуде. Алланың қалаумен ұлық мейрамда Балқаш қаласының мешітінің жамағаты жаңа шатыр астында ғибадат жасап, құрбан малдарын шалатын болады!
Балқаш қаласы мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер