Қарағанды облыстық мешітінен келген жат ағымдарға қатысты түсініктеме беру бағытындағы тапсырманың негізінде Қарағанды №1-мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы бесін намазына жианалған мешіт жамағатына уағыз жүргізді. Дін атын жамылған, ақиқат дініміздің ұстанымдарын саяси мақсаттарына пайдаланғысы келетін, дәстүрімізді теріске шығаратын жат пиғылды ағымдардың мақсаты мен зиянды әрекеттерін ашып түсіндірді. Соның қатарында «Таблиғи жамағат» ұйымының қызметіне Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен Қазақстан аумағында тыйым салынғандығын атап өтті. Халқымыздың қасіреті болған өзге де жат ағымдардың жетегінде кетпей, ұлт тұтастығы мен дін тазалығы жолында құлшылық жасап, еліміздің дамуына сауатты түрде үлес қосып жүруге шақырды. Осы істің аясында мешіт шәкірттеріне де қосымша ақпар берілді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер