ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қала, аудан имамдарын қатыстырып өткізетін жиындарында жан-жақты рухани бағыттағы тапсырмалар жүктеумен қатар, мешіттің тазалығы мен заман талабына сай көркемдігіне мән беруді міндеттейді. Осы орайда, Қарағанды қалалық №1-мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы мешіт ұжымымен «Мерейлі отбасы» күніне сабақтастырып, жанұя мүшелерімен бірге мешіт тазалығын жасауды ұйымдастырды. Отбасымен бірге рухани орданың ішкі тазалығы мен мешіт ауласының тазалығы ретке келтірілді. Аспашамдар сүртіліп, есік терезелер мұқият жуылды. Кісі көп жүретін орындар сырланып, күрделі тазалық жасалды. Құрбан айттың қарсаңында ұйымдастырылған шараға имамдардың отбасы мүшелері және шәкірттер толықтай атсалысты.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер