«5-арна» телеарнасынан тұрақты жүргізіліп отыратын діни-танымдық бағдарламаның кезекті қонағы Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы эфирден «Қажылық кімге парыз?» тақырыбында насихат айтты. Қажылық ғибадаттың ұлысы екендігі, әрбір исі мұсылман осы киелі саналған Мекке мен Мадина қалаларына зиярат жасау арқылы Алла алдындағы пенделік парызынан босайтындығы айтылды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Қабыл болған қажылықтың сыйы тек - жәннат» деген хадисінің мәнін аша отырып, қасиетті сапарға қажылық парызын өтеуге сапарлап кеткен отандастарымызға сәттілік тіледі. ҚМДБ-ның бастамасымен бұрын-соңды болмаған бірқатар жеңілдіктердің жүйеленгендігі турасында да тілге тиек етті. Соның қатарында биыл алғаш рет отандастарымыздың жұптары жазылмай Алматы қаласынан тікелей қасиетті орынға баратындығын айтып өтті.
Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер