Қажылық сапарға ниет қылған кісілердің соңғы легін шығарып салуға Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Айыпхан Думан қатысты. Наиб имам қала тұрғындарына қажылықта кездесетін сынақтарға сабырлық танытуды тағы да еске салып өтті. Қарағанды өңірінен бел буып шыққан жамағатпен темір жол бекетінде бас қосып, ақ жол тілеп, мешіт ақсақалы Мұхамедриза қажы бата берді. Болашақ қажылар да қасиетті қара топырақта ел мен жерге тыныштық, береке тілеуге ниет етіп аттанды. Сәт сапар!
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер