Ислам дінінің діңгегін тіктеп, оның өміршеңдігін өмір сүру қағидасына айналдырғысы келетін өзге ұлт өкілдерінің де бүгінде саны артып келеді. Соның қатарында жуырда тағы да орыс ұлтының азаматшасы Виктория Домэ мешітке келіп, өз еркімен мұсылмандықты қабылдады. Наиб имам Ермахан Оралбай дініміздің адамзатқа ортақ қағидаларын түсіндіріп, мұсылмандық мұраттардың мән-жайын айтып берді. Тілін калимаға келтіріп, шаһадат айтқан Виктория өз еркімен есімін Хафиза деп атауды өтінді. Наиб имам Алланы ұлықтап азан айтып, Хафиза деп атын қайталап қойды. Сауапты іс-шарадан соң Хафизаға Алланың 99 есімі жазылған орыс тіліндегі кітапша сыйға берілді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер