Мекке қаласындағы әл-Харам мешітінде орын алған қайғылы оқиға кезінде қазақстандық қажылар болған жоқ. Өйткені, қажыларымыздың алғашқы тобы Алматы-Мәдина бағыты бойынша қасиетті қалаға апатты жағдай болған уақыттан кейін, яғни 5 сағат өткен соң бет алды.
Қазір қажыларымыздың алғашқы тобы Мәдина қаласында. 14 қыркүйек күні Мекке қаласына бағыт алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық Миссиясы Мәдина қаласында өз жұмысын бастап кетті.
Айта кетейік, қатты жел мен селдің салдарынан әл-Харам мешітіндегі құрылыс краны құлаған болатын. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.
ҚМДБ Қажылық Миссиясы
Пікірлер