Қарағанды өңіріндегі «Зекет» қорының кезекті сауапты іс-шаралары жекелеген отбасыларында жалғасын тапты. Қордың облыстағы төрағасы Жуматаев Еркебай шынайы мұқтаж отбасыларының үйіне тиісті көмек қолын созды. Мектеп жасындағы төрт баланы толықтай киіндіріп, оларға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелерді сыйға тарту етті. Қамқорлық танытқан зекет қорының қызметкерлеріне шексіз риза болғаны балалардың күлімдеген жанарларынан білініп тұрды. Айта кету керек, зекет қоры осыдан санаулы күндер бұрын оқу жылының алдында облыстық мешітпен бірлесе отырып жүз балаға осындай негізде қайырымдылық көмек көрсеткен болатын. Алдағы күндері әртүрлі бағыттағы игі іс-шаралар жалғасын табатын болады. Жақсылықты жарысып жасап, Жаратқанның разылығына бөленемін деген ниеті бар ағайын болса, арнайы құрылған «Зекет» қоры арқылы осындай екі дүниеге қажетті сауапты амалды арттыруға үлес қосса, нұр үстіне нұр болатындығын да еске саламыз.
Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер