Бас имам Аманбол Рымқұлұлы кесте бойынша жүргізіліп жатқан іс-сапар барысында Керней ауылында жаңадан салынып жатқан мешіт ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыған байланысты мешіттің ашылу салтанатына дайындықтар тұрғысында ауыл жамағаты жиналды. Бас имаммен өткен кездесуде ауыл тұрғындары мешіттің жай-жапсарымен ақылдасып, оның ашылу салтанатына қатысты жайттарды талқылады. Ортақ келісіммен әлем мұсылманы ардақтаған құрбан айт мерекесі қарсаңында ашуға ниет жасалып, ауыл әкімі Н.К.Магзумовтың қолдауымен мешіт аумағына киіз үйлер тігіп, ұлттық ойындар, бәйге, көкпар секілді салауаттылықты насихатайтын шаралар өткізу жоспарланды.
Пікірлер