Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ер есімі ел есінде сақталды
09 қыркүйек, 2015 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

Сонау сұрапыл соғыс жылдарында ерен ерлік көрсеткен есіл ерлердің еңбегі ел жадынан еш ұмытылмайды. Соның бір айғағы ретінде жуырда Бұқар жырау ауданы, Жаңақала елді мекенінде Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы құрметіне, жергілікті ауыл азаматтарының демеушілік жасап қолдауымен ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты болып өтті. Ескерткіш таста қан майданда қаза болған жергілікті боздақтар есімі қашап жазылған. Салтанатты жиынға Петровка ауылының әкімі Әсет Мұратұлы, Бұқар жырау ауданының бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы, ауылдың ардақты ақсақалдары мен алыс-жақыннан келген ағайындар қатысты. Өткенге құрмет көрсетуді, келешекке кемелдік тілеуді өмір ұстанымы еткен бұқара халық сұрапыл соғыста қаза болған боздақтарды еске түсіріп ас берді. Салтанатты шараға жиналған халыққа бас имам Отанды құрметтеу, елдік мұраттарға берік болу, бейбіт күннің қадірі біліп, оны ардақтауға шақырып насихат айтты. Шара барысында дүниеден өткендерге дұға бағышталды.


[gallery link="file" ids="18807,18808,18809,18810"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары