Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітінде Құран хатым етілуде
08 қыркүйек, 2015 жыл 118 Басып шығару нұсқасы

Құран Кәрімді оқу, оны үйрену екі дүниеде үлкен сауапты іс. Ал, оны ықыласпен, ұйып тыңдау парыз. Құран оқылып тұрған жерге періштелер жиналып, ол үйге ырыс-береке кіреді. Имам Бухари өз еңбегінде «Құран оқылған жерге мейірім мен берекет жауады» деген. Сол берекеттің құтын қондырып, үлкен сауаптың бастауы болар Құран хатым түсіру «Бала қажы» мешітінде бастау алды. Нуров Махмуд қажы Нурұлының бастамасымен әр сенбі күні мешіт жамағаты Құран хатым етіп, үлкен сауапқа кенелуде. Оразадан кейін бастау алған сауабы мол бұл шара, бас имамның ұйытқы болуымен әр сенбі күні жалғасын табуда. Негізі мұсылман баласы қасиетті Құранды тек рамазан айында ғана емес, әркез оның сырына үңіле отырып, жылдың барлық уақытында оқып отырса Алланың шексіз сауабына бөлене түсетіні ақиқат. Ендеше, мешітке келіп, Құран тыңдау, оны үйрену үлкен сауапты іс. Олай болса, екі нығметтің бірі – алтын уақытымызды тиімді пайдаланайық!


«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery link="file" ids="18802,18801"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары