Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жүрген қыз балаларға арналған бөлімдегі шәкірттер арасында діни ілімдерін шыңдайтын іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырады. Бұл жолғы басқосу 1-қыркүйек «Білім күні» мерекесіне орай «Ілім жолы – жәннат жолы» деген тақырыппен тағы да жалғасып, шәкірттер өзара пікір алмасты. Мешіт ұстазы Бақытгүл Жикенова діни білімді уақыт талабына сай үйлестіріп, дінімізді бүгінгі өмір тұрғысында зерделеудің маңызына тоқталды. Тақырыпқа сай даярланған бейнероликті шәкірттер тамашалады. Жаңа оқу маусымының басталуына орай жастар арасында имандылық бағыттағы іс-шаралардың барысын жоспарлады.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер