Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Экстремизмге жол жоқ
03 қыркүйек, 2015 жыл 160 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық әскери бөлімшенің қызметкерлерімен облыстық орталық мешіттің ұстазы Мұхит Жаримбетов кездесу өткізді. Кездесуге арқау болған қоғамда кең етек жайып, елдің тынышын бұзған діни экстремизм мен экстремистік лаңкестіктердің алдын алуға бағытталған болатын.


«Экстремизмге жол жоқ» атты басқосуда мешіт ұстазы Ислам діні аясында сөз өрбітіп, Ислам діні – бейбітшілік діні деген мағынаға саятынын хадистерді келтіре отырып әңгіме өрбітті. Яғни Ислам діні елін, жерін, халқын құрметтеуге, бейбіт өмір сүруге шақыратын айтты. Түрлі лаңкестік топтардың асыл дінімізге қара күйе жағып, атына кір келтіріп жүргені сөз болды. Бөлімше қызметкерлері сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Қазіргі таңда экстремизм сөзі құлаққа түрпідей тиеді. Шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамда қалыптасқан нормаларды бұзу және оларға қарсы шығу деген анықтаманы береді. Мешіт ұстазы лаңкестік топтардың мұсылман дініне қарсы жат қылықтармен халық санасын улап, жастарды қатыгездікке баулып теріс әсерін тигізіп жатқанын және олармен күресу үшін бірлік пен ынтымақтың алар орны ерекше екенін баса айтып кетті.


Облыстық орталық мешіт


[gallery link="file" ids="18699,18698,18697,18696,18695,18693,18694"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары