Тамыздың 30 күні «Бала қажы» мешітінде үлкен қайырымдылық шара – «Мектепке жол» акциясы өтті. Жылдағы үрдісті жалғастырып келе жатқан мешіттің бас имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлы әлеуметтік аз қамтылған обтасыларына, жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі бірақ, оқуға қабілеті бар балаларға мектепке қажетті киім-кешектер мен канцеляриялық тауарлар таратты. Жүзге жуық бала мектеп формасын алып, шат-шадыман болса, көпбалалы біраз ата – ана сөмке, дәптер, қалам секілді оқуға қажеттіліктермен қамтамасыз етілді. Бұл заттарға мұқтаж жандарды мешіт басшылығы арнайы шақырып, барлығына жеткілікті көлемде таратылды.
Үлкен байлықпен адамға үлкен қайырым бітпейді, керсінше, үлкен қайырымдылық – адамды абыройлы етеді. Жаратқан Иеміз мұсылмандарға жетімдерге қарасуды, оларды аялауды, ескеруді және білім беріп, кәсіп үйретуді бұйырады: «Оларға айт: Жетімдерді ислах ету (оларға жақсы тәрбие беріп, пайдалы адамдарға айналдыру) хайырлы. Ал, олармен бірге өмір сүрсеңдер, онда, олар сендердің бауырларың» (Бақара сүресі, 220-аят).
Жетімдер мен аз қамтылған отбасының балаларына қол ұшын созып, көмек беру алдағы күнде де жалғаса береді. Қажетін сұрап келген әрбір жанға мешіт басшылығы әрдайым жылы лебіз танытып, мүмкіндікке қарай материалдық көмек те көрсетіле бермек.
«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер