Қарағанды облыстық орталық мешітінен бастау алған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Шет ауданында жалғасын тапты.
«Жанқұтты би» мешіті Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 3-сынып оқушысына 25 мың теңге көлемінде қаражат жұмсап, көмек қолын созды. Бас имам Берік қажы Алпысбайұлы жетімге қамқорлық жасауды басты міндеті санайды. Өткен жылы әкесінен айырылып қалған Мейрамбаева Наргизге әкелік қамқорлық жасалды. Мектепке қажетті киімдер: дене шынықтыру пәніне қажетті спорттық үлгідегі костюм, макаси, мектепке күнделікті киетін аяқ киім, сырт киім ретінде куртка және оқу құралы толығымен алынды. Киімдерді Наргиздің өзі таңдап алды. Барлық заттың сапасына аса мән берілді. Берік қажы Алпысбайұлы балақайды тек заттармен ғана емес, жылы лебіз, мейірімді көңіл-күймен жадыратып тастады.
ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен жаңа оқу жылы қарсаңында Шет ауданындағы мешіттерде «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы әлі де жалғасын табады.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер