Таяуда аудандық орталық мешіттің бас имамы Құмар Қоныскерей және ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Сапар Әділхан дін мәселесенің ақпараттық –насихаттық жұмыстарымен Теніз өніріне барып қайтты.
Баршын ауылының тұрғындарымен кездесіп қазіргі уақыттағы әртүрлі діни ағымдар мен оның сипаттары, халыққа тигізер кері әсері мен зардаптары туралы ой ортаға салынды. Ақпараттық насихаттық топ мүшелері жас сананы экстремизм мен терроризмнің зиянды ықпалдарынан арашалау, діни төзімділік пен ұлтаралық келісімді сақтау мәселелері, қазіргі таңдағы ислам дініне жат ағымдар, олардың қазақ халқының дәстүрлі діни танымына әсері де сөз болды. Бір көзқарас пен ортақ ойлары жарасқан көпшілік өз дінінің қашанда ардақты екенін ұғынды.
Келер күні ақпараттық насихаттық топ Сарыөзен, Шұбаркөл ауылдарын аралап халықтың діни салт-санасымен бірге ұстанымдарын байқады. Шұбаркөл кентінің мектебінде қалың көпшілік жамағатпен кездесіп ислам дінінің артықшылығы,тазалық пен парасаттылықтың осы дінде екендігіне көзжеткізді.Қазақстандық патриотизмді насихаттау, үгіттеу,бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді ынтымақтасу, дін саласында мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, діни экстремизмге қатысты материалдарды санамен ұғыну, арнайы мамандардың кеңесін алу, экстремистік бағыттағы ұйымдар мен топтар жөнінде ақпарат беру, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту мақсатында жүргізілген бұл жұмыстардың нәтижесі болмақ. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында белгілі іс- шараларды қолдану керектігі айтылды.
Ақпараттық насихат топ мүшелері Соналы ауылының жаңа мешітін көріп көңілдері марқайды десек болады. Ауылдың мектеп бітіріп кеткен азаматтары мен ауыл тұрғындарының қолдауымен ескі мешіттері түбегейлі өзгеріп, заманауи үлгідегі мешіт қатарына қосылған. Мешіт халықпен нұрлы десек Соналы жамағаттары дәстүрлі діннен бет бұрып көрмеген жамағат. Бес мезгіл намазын қаза қылмаған ауыл ақсақалдары мешітті қайта көтерген түлектерге әлі де алғыстарын аямайды. Насихат жұмыстарында талқыға түскен басты тақырып ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болды. Бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның
және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылса,Соналы тұрғындарының ниеттерінің құптарлық екені анық еді. Дүниедегі ең бағасыз байлық – иман. Ендеше ол байлық біздің қазақ халқының бойына қанымен бірге дарығандығын мақтана айтуымыз керек.
Осындай кездесулер жұмыс жоспарына сәйкес әлі де жалғасын таппақ.
Нұрыш Нақыпова
Пікірлер