Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды өңірі «Мектепке жол» акциясына үлес қосты
25 тамыз, 2015 жыл 73 Басып шығару нұсқасы
Жаңа оқу жылына да санаулы күндер қалды. Бұл уақытта әдеттегідей ата-аналар балаларына мектеп формасын, оқуға қажетті заттарын алуға асығады. Бүгінгідей қоғамда кейбір отбасылардың бұл қажеттіліктерді толық өтеуге мүмкіндіктері жете бермейтіні анық. Бұл ретте ҚМДБ-нның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен жаңа оқу жылы қарсаңында барлық мешіттерде «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өткізіледі.
Жыл сайын Республикалық деңгейде өтетін акция биылда Қарағанды облыстық орталық мешіті 100 балаға арнап ауқымды шара өткізді. Сондай-ақ қайырымды істерден қалыс қалмай, өз үлесін қосып жүрген Қарағанды өңірі бойынша «Зекет» қорының басшысы Еркебай Жұматаевтың да ұйытқы болуымен өткен шарада қатысқан барлық балаларға оқуға қажетті жаңа құрал-жабдықтар табысталды.
Аталмыш акцияның мақсаты – балалардың 1-қыркүйек күні жаңа мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алып баруына азда болса көмек көрсету. Бастысы балаларға мейірім мен қуаныш сыйлау. Шараның өтуі барысында мешіт ұжымының да діттеген мақсаты орындалды. Жақын арада мектепке барамыз деп отырған балалар сұқбаттасу барысында жақсы оқып, ата-анасына қуандырғысы келетіндерімен бөлісті. Балалалрдың риясыз күлкісі, үлкендерді де елжіретпей қоймады.
Шараға қатысқан ұжым қызметкерлері бүгінгі іс-шараның аясында кеңінен айта келе, жаңа оқу жылына аяқ басқалы тұрған балаларға сәт-сапар тілесті.

Қарағанды облыстық орталық мешіті

[gallery link="file" ids="18555,18586,18556,18557,18558,18559,18560,18561,18562,18563,18564,18565,18567"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары