ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Досбол Ыдырысұлы имамдарға жүктелген төрт бағыттың бірі насихат жұмыстарымен мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен жүздесулер ұйымдастыруда. Соның бірі таяуда Шахтинск қорғаныс істер бөлімінде мекеме қызметкерлерімен «Суицид» тақырыбымен кездесу өтті. Жиында мекеме басшысының орынбасары Ақылбек Дәулетбекұлының тікелей қатысуымен өтіп, жиынға арқау болған өзекті тақырып тарқатылып айтылды. Бас имам асыл дінімізде өз-өзіне қастық жасау мен өлтіруге қатысты не айтылғанын, шариғат тарапынан қарағанда нендей үкімдері бар екені бойынша ауқымды насихат жүргізді.
Бұл насихаты мол отырыстың қатысушыларға үлкен ой салып, қоғамдағы түйіткілді мәселенің алдын алуға деген әскери қызметкерлерді жігерлендіре алды. Өйткені әр қызметкер өз отбасында не қызмет бабында кейінгі өскелең ұрпаққа суицид жайлы дұрыс ақпараттарды жеткізуіне ықпал етті. Аты жаман індетке көбінесе жастар үйір болуда. Мұндай уағыз-насихатты қажет ететін жиындар қазіргі қоғамға оның ішінде жастарға керек-ақ. Алдағы уақытта да осы іспеттес жиындар жиі өтіп тұрады деген сенімдеміз.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі.
Пікірлер