Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы, теолог Тағаев Нұрбол Шет ауданындағы «Жанқұтты би» мешітіне барып, «Ақида» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Шет ауданы бойынша мешіт имамдары қатысты. Көтерілген тақырып кеңінен қамтылып, айтылған ойларды имамдар түртіп алып жатты. Ілім алу, білмегенді уйренудің ерте-кеші жоқ. «Ақида» сабағынан оқылған дәріс көптің көңілінен шықты. Имамдар осындай семинарлар жиі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болмақ деп тарқасты.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
Шет ауданы
Пікірлер