Аллаға шүкір, бүгінде һақ дінді қабылдаушылардың қатары өсіп келеді. Көкірек көзі оянып, ақ пен қараны ажырата бастаған жандар тілін кәлимаға келтіруде. Солардың бірі Экатериан Сергеевна бүгін «Бала қажы» мешітіне келіп, кәлима-шәһәдатты айтып, мұсылман болды! Мешіттің азаншысы Зулжаладдин Мадияр оған Алла және оның пайғамбарлары жайлы қызықты ақпарат берді. Исламдағы әйел баласының орны мен дәрежесі туралы түсіндіріп, мешітке жиі келуін баса айтты. Алла қалаған құлының көз, құлақ пердесін ашып, тура жолға салады. Асыл дініміз көркейіп, қанатын кеңге жая берсін!
«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер