Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Діни экстремизмнің алдын – алу бойынша жиын өтті
22 тамыз, 2015 жыл 111 Басып шығару нұсқасы

IMG-20150820-WA0016ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның тікелей тапсырмасы бойынша «Діни экстремизмнің алдын – алу» шаралары Саран қаласында өз ретімен жүргізіліп келеді. Атап айтқанда тамыз айының 18-і күні Саран қалалық мешітінің бас имамы Саликов Мұхамметқали қажы қаладағы «Ақ Отау» орталығына барып «Діни экстремизмнің алдын – алу» тақырыбы бойынша уағыз – насихат жүргізді. Уағыз барысында жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетуінің себебі, діни экстремисттердің түпкі мақсаттарының не екендігін, оның алдын – алу жолдарын түсіндіріп, келелі сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, Құран мен сүннеттен негіз алатын Әбу Ханифа жолын ұстанатын дәстүрлі Исламның құндылықтары мен ерекшеліктерін айтты. Жиынға «Ақ Отау» орталығының жетекшілері, оқу орындары мен мәдени орталықтардың жетекшілері қатысып, насихатты зор ықыласпен тыңдады.


Кездесу соңында осы кезеңге дейін сәләфи ағымында жүрген өзге ұлттың өкілі Әскеров Махамет бауырымыздың жайы талқыланды. Бас имам жігіттің өзімен және жеке ата – анасымен кездесуінің нәтижесінде Махамет дәстүрлі Исламға бет бұрды. Алла баршамыздың ниетімізді қабыл алып, ылайым дініміз тыныш, ел іргесі бүтін болғай.


Саран қалалық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары