Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақида пәнінен семинар өтті
20 тамыз, 2015 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожанын тапсырмасымен Бұқар жырау ауданы Тегісжол ауылындағы орналасқан "Мұрат ата" мешіті жанындағы медреседе Бұқар жырау мен Ақтоғай аудандарының молдаларына арнайы 3 күндік семинар отырысы болып өтті.


Семинардың жүргізілу барысында Ақида пәні негізінде басымдық беріліп, РАНТ-ның мүшесі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы, "Салауатты қоғам" қоғамдық бірлестігі төрағасы, ұстаз Нұрбол Тағаев қатысып, Алланын көркем 14 сипатынан дәріс өткізді.


Семинарға қатысқан ауданның екі молдасына сертификат тапсырды.


Мұндай дін қызметкерлері үшін пайдалы жүздесулер алдағы уақытта Алланың қалауымен тағы да жалғасатын болады. Бұқар жырау аудандық мешітінің бас имамы Аманбол Рымқұлұлы: «Аудандағы имам-молдалар арасында діни ілімдерінен ортақ тәжірибе алмасып, сарқылмас білімді ары қарай пысықтап отыру – асыл діннің мәртебесін арттырады»-дейді.


Бұқар жырау ауданы


[gallery ids="18468,18467,18466,18475"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары