Бүгінгі қоғамда дін тақырыбы өте өзекті. Соның ішінде діни экстремизм мәселесі көптің назарында болып отыр. Діни экстремизм тақырыбын елде тыныштық орнап, бейбіт, тату ел болуды мақсат тұтқан көрегенді азаматтар талқылап келеді. Татулығымыз нығая түссін, ара жік шу болмасын деген ой ұстанған Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы бүгін өңірде жиын өткізді. Балқаш горнизоны әскери бөлімшесінің қызметкерлерімен өткен кездесуге Конфессияаралық қарымқатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығының бас маманы Айдос Бессенбеков, Балқаш қалалық Әулие Никольский шіркеуінің иериі Виктор Михаилович Мунтян және Балқаш қалалық ішкі істер бөлімінің өкілі Жүнісов қатысты. Дін адам өмірінде маңызды орын алады. Ол ұлтқа, нәсілге бөлінбейді. Атап өтсек адамдарды біріктіреді, жерлестік, руластық, сыйластық, адамгершілікке тәрбиелеп, тазалыққа баулыйды. Бас имам А.Рахымжанұлы экстремизм, терроризм және жат ағымдар туралы мол ақпарат берді. Әскери қызметкелер экстремизмнің алдын алу жолдарын қарастырып, барлық қауымның басын қосқан тақырып кеңінен талқыланды.
Балқаш қаласы мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер